Жанжабілдер тұқымдасы () — дара жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы. Тұқымдасқа 45 текке жіктелген 1300-дей биологиялық түрлері кіреді.

Таралуы Жанжабілдер тұқымдасының өкілдері көбіне Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған. Африкада және Американың кейбір аймақтарында да кездеседі.

Сипаттамасы Жанжабілдер тұқымдасының өсімдіктерініңі барлығы — көпжылдық хош иісті шөптес өсімдіктер. Тамыр сабақтары ет-женді, жапырақтары екі қатар орналасқан, қынапты. Гүлдері әдетте масақ гүлшоғырына жиналған, кейде жеке орналасқан, көбіне қос жынысты. Жемісі көбіне қорапша түрінде, кейде етті жидек болады. Өсімдіктің барлық бөлшектерінде эфир майлары болады.

Таксономиясы Тұқымдас тармағы

Тұқымдас тармағы

Тұқымдас тармағы (Incertae Sedis) Триба

Триба

Тұқымдас тармағы (Incertae Sedis) Триба

,

Триба

Пайдалануы

Жанжабіл тұқымдасының өсімдіктердін құрамындағы эфир майларының хош иісті қасиетіне байланысты көбіне аспаздықта дәм-татымдылық ретінде қолданады: Аптекалық жанжабілдің тамыр сабақтарын () жанжабіл немесе зімбір, гари атты дәм-татымдылық жасайды Куркума цедоарияның () тамыр сабақтарынан (Rhizoma Zeodorariae) куркума атты дәм-татымдылық және бояғыш жасалады. Дәрілік альпинияның () тамырларынан Rhizoma Galangae атты дәм-татымдылық жасайды. Elettaria cardamomum атты түрінің жемістерінен «малабар кардамоны» атты татымдылық алады Ұзын куркумадан () сары түсті бояғыш жасалады. Curcuma angustifolia және Curcuma leucorrhiza тамыр сабақтарынан «ост-инд аррорут» атты крахмалды ұн жасалады.

Тұқымдастың көп түрлері халық медицинасында және дәстүрлі медицинада (Аптекалық жанжабіл тамыр сабақтары) кең қолданады.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Жанжабілдер