Қошқарбай – Шағалалы алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысы Зеренді ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 49 км, су жиналатын алабы 524 км2, жалпы ұзындығы 90 км болатын шағын 30 саласы бар.
Бастауы Бастауын Зеренді таулары және Байөтер тауы етегіндегі бұлақтардан алып, Кеңөткел ауылы маңында Шағалалы өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы ағысы және төменде (сағасында) сайлы-жарқабақты жермен ағады. Негізінен жер асты суымен толығады. Арнасында жыл бойы су болады.
Өсімдігі Қошқарбай тауы маңында сол жағалауында қарағай, қайың, көк теректен тұратын орман қалыптсақан. Жағалау бойы шабындыққа пайдаланылады. Біршама жері егістікке жыртылған.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Зеренді ауданы өзендері