Алтыншыбық немесе сары раушан () – астралылар тұқымдасының көпжылдық өсімдіктер тегі.
Географиялық таралуы Өсімдіктің 80-дей түрі солтүстік жарты шардың тропиктік емес жерлерінде, көбіне Солтүстік Америкада таралған. Кеңес одағының бұрынғы аймағында 23 түр бар.
Сипаттамасы Өсімдік сабағы тік, кейде жіптесін болады.
Кезекті жапырақтары эллипс тәрізді, үшкір, шеттері ара жүзі сияқты.
Гүл шашақтары алтындай сары. Олар ұзынша келген шашақ бас гүл болып жиналған. Шілде – қыркүйек айларында гүлдейді.
Жемісі кішкентай, паппусқа жабысқан. Ұзындығы 0,7—4,5 мм ені 0,2—0,8 мм, цилиндр пішіндес. Паппусы - жемісінен ұзын, көптеген түкшелерден тұрады.,
Химиялық құрамы Бұл аз зерттелген өсімдік. Әзірге белгілі болғаны, оның құрамында сапониндердің, алкалоидтардың болатындығы.
Қолданылуы Дәрі жасау үшін алтыншыбықтың гүлдеген кезіндегі жиналған шөбі пайдаланылады. Оны басқа дәрілік шөптермен қосып қайнатынды, немесе тұнба түрінде өкпе туберкулезіне, қарынның және ұлтабардың жарасына, сондай-ақ өт жолы тасы және шемен ауруы кезінде несеп жүргізетін дәрі ретінде қолданады. Оны әдетте көптеген басқа шөптермен араластырып пайдаланады.
Алтыншыбық шөбі ауыз ішіндегі ауруларды емдеу, жидіген қызыл иек етін қатайтып, нығайту және ауыздан келетін жағымсыз иісті жою үшін ауыз шаюға арналған тұнба жасауға пайдаланған. Болгар халық медицинасында алтыншыбық ұзаққа созылған бүйрек ауруын да, оның қабыну процестерін де, бүйректе тас пен құм пайда болғанда, несеп альбуминуриясында, сонымен қатар несеп қышқылының алмасу процесі бұзылғанда және асқынған ісіктерге қолданылады. Алтыншыбық көбіне қайнатынды түрінде пайдаланылады.
Түрлері = нобай|Кәдімгі алтыншыбық (Solidago virgaurea) Алтыншыбық тегіне 100-ден астам1The Plant List мәліметі бойынша - 113 Solidago өсімдік түрлері кіреді.
Кейбір түрлері:
— Солтүстік Америка
— Солтүстік Америка
— Солтүстк Америка
— Солтүстік Америка
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер Санат:Дәрілік өсімдіктер