Жанси Батович Кимонко (1905, желтоқсан, Хабаров өлкесі - 1949) - удэгей кеңес жазушысы, қоғам қайраткері.
Кимонконың жастық шағы жоқшылықпен өтті. Азамат соғысы жылдары Қиыр Шығыста партизандарға көмектесті. Удэгейлерден бірінші білім алушы, тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы. 1934-1936 ж. Ленинград Солтүстік халықтары иснтитутында, Кеңес құрылыстық орталық курсында (1937) оқыды, кейін өз елінде селолық кеңес төарағасы болды. Кимонко - удегей әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның «Сукпай аққан жерде» (1950), «Орман үстіндегі шапақ» (1948), «Қызыл Ту» (өзі өлген соң 1950 ж. басылды) повестері, т.б. шығармалары бар. «Қызыл Ту» повесі орыс, шетел тілдеріне аударылды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, 425 бет
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер КИМОНКО Джанси Батович Кимонко Джанси Батович
Санат:1905 жылы туғандар Санат:1949 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО жазушылары Санат:Ресей жазушылары