Қызылтас – Түнқатар тауының оңтүстік-шығысындағы тау сілемі.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км-ге жуық. Абсолюттік биіктігі 1000 м.

Жер бедері Төбесі жазық, бөлектенген тау тізбегінен тұрады. Беткейлері сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік беткейі жартасты.

Геологиялық құрылымы Соңғы тас көмір және пермь гранитоидтарынан түзілген. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатады.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында селеу, сұлыбас, көде өседі. Беткейі қысқы жайылым ретінде де пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары