Антонио Масео (, , Сантьяго-де-Куба — , Пунта-Брава) — куба халқының испан үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық күресі басшыларының бірі. Шаруа отбасында туған. Он жылдық соғыс басталысымен көтерілісшілер әскер қатарына кірді. 1878 жылы азаттық әскерлер қатарының генерал-майоры атағын алды. Америка елдеріндегі эмиграцияда болып, Кубадағы жаңа қарулы көтерілісті әзірлесті. 1895 жылы бір топ патриоттармен Кубаға келіп, Орьентедегі көтерілісшілер күшін басқарды, азаттық армиясы бас қол басшысының орынбасары болды. Испан әскерлеріне қарсы айқаста қаза тапты.
Санат:Куба саясаткерлері Санат:Куба төңкерісшілері