Денис Борисович Глушаков (27 қаңтар 1987 жыл, Миллерово, Ростов облысы, КСРО) — жартылай қорғаныс шебіндегі ресей ойыншысы. Қазіргі таңда "Ахмат" командасында өнер көрсетеді.
Мансабы Клубтық 2013 жылы 18 маусым күні Денис ресми түрде мәскеулік "Спартак" командасымен келісімге тұрады. 2013 жылы 16 шілде күні өзінің "Спартак" сапындағы алғашқы ойынын "Крылья Советов" командасына қарсы өткізеді. Сол ойында Денис Сергея Паршивлюкаға керемет пас шығарып, Сергей допты Тино Костаға өткізіп сол жерде "Спартак" командасы гол соғады. Өзінің "Спартак" сапындағы алғашқы голын 2013 жылы 10-шы қараша күні петербургтық "Зенит" командасының қақпасына соғады (4-2).
Ұлттық құрамада Ұлттық құрамаға ең алғаш 2008 жылы қазанда шақырылды, бірақ командаға шақырылғанмен ұзақ уақытқа дейін еш бір ойынға қатыса алмады. 2011 жылы наурызда Денисты ұлттық құрамаға Армения мен Катар құрамаларына қарсы ойынға шақырылды. 2011 жылы қазанда Денис Глушаков өзінің ұлттық құрамадағы ең алғашқы голын Андора құрамасының қақпасына соқты.
2014 Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінде Денис екі гол соқты, олардың бірі Люксембург қақпасына, ал екіншісі Израиль ұлттық құрамасының қақпасына.
Жетістігі
Ресей чемпионы: 2017 Ресей чемпионатының қола жүлдегері: 2018 Ресей суперкубогы: 2017
Дереккөздер
Санат:Ресей футболшылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Локомотив Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Ахмат ФК ойыншылары