Михаил Иванович Козловский (1753 жыл 6 қараша, Санкт-Петербург – 1802 жыл 30 қыркүйек, Санкт-Петербург) — орыс мүсіншісң. Орыс классицизмінің үздік өкілінің бірі.
Еңбек жолы 1764-1773 жылдары Көркемсурет академиясында А.П. Лосенкода оқыған. 1774-1779 жылы Италияда, 1788-1790 жылдары Францияда жұмыс істеген. 1794 жылдан Петербург көркем сурет академиясының академигі, профессор. Орыс классицизмінің үздік өкілінің бірі. Козловский шығармашылығында драмалық пафос пен нәзік идиллия, қаһармандық пен лирика ұштасып жатады. Оның ұлттық тарихқа арналған шығармалары «Патшаның жарлығын жыртып тұрған Яков Долгорукий» (мәрмәр, 1797, Третьяков галереясы), «Ат үстіндегі Геркулес» (қола, 1799, Орыс музейі), Петергоф су атқыш қауызы үшін 1800-1802 жылдары салынған «Арыстанның жағын айырып тұрған Самсон», А.В.Суворовтың Петербургтегі ескерткіші (қола, 1799-1801 жылдар) және т.б. тарихи-қаһармандыққа ғана назар аударып қоймай, жанрлық тақырыпқа да қалам тартқанҚазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том.
Галерея +center|330pxcenter|245px center|290pxАрыстанның жағын айырып тұрған СамсонА.В.Суворовтың Петербургтегі ескерткішіПатшаның жарлығын жыртып тұрған Яков Долгорукий
Дереккөздер
Санат:Ресей мүсіншілері Санат:Ресей суретшілері