Нілді – Жаман Тағылы тауларының солтүстігіндегі аласа тау.

Геологиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы, Нілді (Успенское) ауылының солтүстігінде жатыр. Абсолюттік биіктігі 739 м. Ұзындығы мен ені шамамен 2,5-1 км.

Геологиялық құрылымы Аласа таудың басы күмбез тәрізді, беткейлері көлбеуленіп далаға ұласады.

Жер бедері Онда қуаң даланың қиыршықты, сортаңды бозғылт қоңыр топырағы қалыптасқан.

Өсімдігі Өсімдіктерден бетеге, қау, селеу, көде, қараған, т.б. өседі. Нілді өңірінде 1847 ж. Нілді кеніші ашылып, онда мыс кентастары өндіріліп келген. Мыс кентастары қорының азаюына байланысты 20 ғасырдың ортасында кеніш жұмысын тоқтатты."Атамекен" Географиялық энциклопедия. Алматы, 2011. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары