Люси () — 2014 жылы француз режиссері Люк Бессон түсірген фильм. Басты рөлдерде: Скарлетт Йоханссон , Морган Фриман , Чхве Мин Сик , Амр Вакед , Джулиан Райнд-Татт , Йохан Филип Асбек , Анали Типтон , Ян Оливер Шрёдер , Лука Анджелетти. Сценарийді жазған: Люк Бессон, продюсеры: Виржини Силла, Марк Шмугер.

Қысқаша сюжеті Фильмде заңмен тыйым салынған есірткі затын тасымалдаумен айналысуға мәжбүр болған қыз туралы баяндалады. Бірде осы препарат Люсидің қанына түсіп, осының арқасында ол ерекше қабілеттерге ие болады: ол заттарды ойдың күшімен орнынан жылжыта алады және ауруға шыдамды болып шығады. Енді ол құрбандықтан қауіпті жауға айналып шыға келедіhttp://www.kinopoisk.ru/film/760326/.

Дереккөздер

Санат:Люк Бессон фильмдері Санат:2014 жылғы Франция фильмдері Санат:Франция ғылыми фантастикалық фильмдері Санат:Франция атыс-шабыс фильмдері Санат:2014 жылғы атыс-шабыс фильмдері Санат:EuropaCorp фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер