Эдвард Мозер () - Норвегияның Олесунн қаласында 1962 жылы дүниеге келген. Эдинбург университетінде ғылыми маман ретінде жұмыс атқарады.Энциклопедия Кругосвет Сосын Джон О'Киф зертханасында да біріккен зерртеу жұмыстарын алып барады. Ал 1996 жылдан бері қарай Тронхеймдегі технология университетінде еңбек етуде. 2007 жылдан ол нейрофизиология Институтын (Kavli Institute for Systems Neuroscience) басшылыққа алып келеді.Соңғы жылдары Мозерлер отбасы мидың кеңістіктегі бағыт алу жадысын зерттеумен айналысып келеді. 2005 жылы олар кеміргіштерге тәжірибе жасау арқылы бас миының энторинальды алқабындағы grid-нейрондардың (жасушалар) бар екенін табады. Олар бұл жасушалардың сүтқоректілердің есте сақтау қабілетінің әмбебап картографиялық жүйесін жасайтынын анықтаған.Май-Бритт және Эдвард Мозерлердің зерттеу жұмыстары біршама марапаттарға ие болған. Сонымен қатар, олар Норвегия Ғылым Академиясы мен Корольдік Ғылыми Қоғамның мүшелері болып табылады.. Дереккөздер
Санат:Физиология немесе медицинадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері