Септик (ағылшын тілінде septic, грекше septikos – шіріген) – тұрмыста және өндірісте пайдаланылған суларды шағын мөлшерде (тәулігіне 25 метр куб, кейде 50 метр кубке дейін) тазалап отыруға арналған құрылыс. Септик 1-3 камерасы бар тұндырғыштан тұрады. Сұйық (тазартылуға тиісті су) камералардың бірінен соң біріне өте отырып тұндырылады. Септикте тұндырылған су кейін жер астында сүзгілерде биологиялық тазалаудан өткізіледі. Суда араласып жүрген қажетсіз заттардың 90 пайызы септикте ұсталып қалады.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Септік (тазарту құралы) · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.