Кинотеодолит станциясы - ұшырғыш-зымырандардың активті аймақтағы ұшу сәтін кинопленкаға түсіруге арналған станция.
Ұшырғыш-зымыранның ұшуын қадағалау кезінде кинотеодолиттің объектив осінің кеңістікте бағдарлану сәті кинопленкада белгіленіп отырғандықтан, ондағы суреттерден ұшырғыш-зымыранның ұшу траекториясының сипаттамаларын анықтау мүмкіндігі бар. Ғарыш айлақтарында кинотеодолит станциясының желілері құрылады. Бұлардың жұмысын уақыт қызметі үйлестіріп отырады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Техника