right|200px
Сикстин капелласы (кейде Сикст капелла, ; , ) – Италия ренессанс дәуірінің Рим Ватиканындағы тамаша ескерткіші. 1483–1481 жылдары тік бұрышты үлгімен тұрғызылған (арх. Дж. Де Дольчи). 1483 ж. Сикст ІV папаның есімі берілді. 1481–83 ж. Капелла қабырғалары Мұса мен Иса жайындағы діни аңыздарға құрылған фрескалармен безендірілді. Бұл іске Боттичелли, Пинтуриккьо, К. Росселли, Л. Синьорелли, Д. Гирландйо, П. Перуджино сынды суретшілер қатысты. Сикст қаласына 1508–1512 жылдары Микеланджело Буонарроти дүниежүзілік өнердің классикалық туындыларынан саналатын жазбаларын (шаңырағына) жасап, 1536–1541 жылдары Алтарь қабырғасын («Аяусыз жаза») нақыштады. Қазір музей болып келеді.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:Сикстин капелласы Санат:Апостол сарайы Санат:Конклавтар Санат:Микеланджело Санат:Ренессанс сәулет өнері