Сеноилар — Малайзия мен Таиландта тұратын халықтар тобы (семай, тимиар, бесиси, т.б.). Саны 40 мыңдай адам (1992). Олар Малакка аралының Орталық үстіртінің орманды алқаптарын мекендейді. Антропология типтері, тілі мен мәдениетіндегі ерекшеліктер олардың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы монғол нәсіліне дейінгі байырғы тұрғындар тобына жататын аңғартады. Қазіргі сеноилар малайлықтармен араласып кеткен.
Тілі Сеной тілдері аустроазиатикалық отбасының мон-кхмер тілдерінің асли (семанг-малакка) тобына жатады.
Діні Дінге сенушілер: дәстүрлі сенімдер, кейбірі сүнниттік мұсылмандар.
Кәсібі Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (ең көне дақыл – тары, 18 ғ-дан бастап күріш, маниок, жүгері егісімен ауыстырыла бастады), аңшылық (мылтықпен) және терушілік. Кейбірі туристер үшін тауарлар шығарады.
Өмір салты Сеноиларда аналық-рулық қатынастар ерекше дамыған.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Тұрғын үйлері - ұзын, қадаларда орналасқан.
Дәстүрлі киімдері Киімдері ағаш қабығынан дайындалады. Татуировка жасау, денеге сурет салумен сипатталады.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Малайзия халықтары Санат:Тайланд халықтары