Вогез таулары (, ) — Францияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.

Ұзындығы 160 км, ені 40 – 50 км. Басты шыңы Баллон-де-Гебвиллер, биіктігі 1423 м. Шығыс беткейі Жоғарғы Рейн ойпатына тік жар болып бітеді, батыс беткейі еңіс болып келеді. Вогез – герцин массивінің батыс қанатындағы оңтүстік бөлігі кристалл жыныстарынан түзілген, тау басы еңіс, мұнда антропогендік мұздалудың іздері білінеді. Солтүстік бөлігі құм-тасты болып келеді 1200 м дейін орман өседі.

Дереккөздер

Санат:Франция таулары Санат:Эльзас Санат:Лотарингия Санат:Еуропа тау жүйелері