Қыземшек – Ұлытау тауларының оңтүстік бөлігіндегі аласа тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінің оңтүстік-батысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 546 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км шамасында.
Жер бедері Беткейі сай-жыралармен тілімделген. Шығысынан Керегетассай өзені бастау алады. Солтүстігінде Шиліқұдық бұлағы, оңтүстігінде Қарамола жайлауы бар.
Өсімдігі Тау баурайында ұшқат, тобылғы, боз, бидайық, сораң, т.б. өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары