Күләш Керімбайқызы Сырманова (1954 жыл 3 қаңтар, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жаңаауыл) – техника ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999).
Дулат тайпасының Жаныс руынан. Еңбек жолы 1975 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген; 1976-1997 жылдары осы институтта кіші, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды; 1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде декан. Ғылыми еңбектері 80-нен астам ғылыми жарияланымның, 4 монографияның авторы.Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:1954 жылы туғандар