Қараоба – Сиректау тауларының солтүстік-батысындағы шоқылы тау.

Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы Таскескен ауылының батысында 35 км жерде, Ай өзенінің аңғарында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 577 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км. Беткейлері жайпақталып, жазыққа ұласады. Солтүстік-батысында Көктөбе тауы, солтүстігінде Кенжебай көлі, шығысында Шұбарқұдық қонысы, Жаман Жартас, Бесқыз, Байсұлтан қыстаулары, оңтүстігінде Қарашаш, Құттыбике бұлақтары, батысында Ақөзек құдығы орналасқан.

Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында еркек шөп, жусан, теріскен, баялыш, бұталар өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Үржар ауданы таулары