Канонерка, Қанөнер — Абай облысының Бесқарағай ауданындағы ауыл, Канонер ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Бесқарағай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 37 км жерде, Ертіс өзенінің оң жағалауындағы дала белдемінде орналасқан.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1420 127289,6693 62189,6727 65189,5

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде қаланды. 1930 жылдың бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға сәйкес өзімен аттас ұжымшар мен ауылдық кеңестің орталығы болды. 1961 жылы тың жерлерді игеруге байланысты құрылған “Канонерка” шошқа кеңшарының орталығына айналды. 1997 жылы кеңшар таратылғаннан кейін оның негізінде “Канонерка” акционерлік қоғамы, 3 шаруа қожалығы құрылды. Ауылда орман шаруашылығының орталығы орналасқан.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана бар. Канонерка арқылы Семей – Павлодар – Алматы автомобиль жолы өтеді.

Дереккөздер

Санат:Бесқарағай ауданы елді мекендері