thumb|right|200px|Роджер Бэкон Роджер Бэкон (; 1214 ж.ш., Илчестер, , Сомерсет графтігі, Англия — 1292 ж.ш., Оксфорд, Англия; Ғажап доктор ( атымен белгілі) — орта ғасырлардағы ағылшын ойшылы, жаңа заман тәжірибелік ғылымының ізашары, қала қолөнершілері топтарының идеологы.
Өмірбаяны Феодалдық әдет-ғұрыптарды, идеология мен саясатты әшкереледі. Өзінің көзқарасы үшін Бэкон 1277 жылы Оксфорд университетінде сабақ беруден шеттетіліп, шіркеудің бұйрығы бойынша монастырь түрмесіне жабылды. Ғылыми еңбектері Бэконның дүниетанымы дәйексіз болғанмен онда алдыңғы қатарлы ғылыми пікірлер де көп. Схоластикалық жаттандылық пен беделдерге көз жұма табынуды айыптай келіп, ол табиғатты тәжірибе жүзінде зерттеуге, дербес зерттеу жұмыстарын жүргізуге және ғылымды жаңартып отыруға шақырды. Тәжірибе мен математикаға негізделген таным өдісін жақтады. Ғылымның мақсаты деп Бэкон адамның табиғат алдындағы құдіретін күшейтуді есептеді. Оның еңбектерінде алхимиялық, астрологиялық және сиқыршылық көзқарастардың орын алуына қарамастан, Бэкон бірқатар батыл ғылыми және техникалық болжамдар айтты. Философиялық сөздік, Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996, 525 б., ISBN 5-89800-097-6
Дереккөздер
Санат:1214 жылы туғандар Санат:Сомерсетте туғандар Санат:1292 жылы қайтыс болғандар Санат:Оксфордта қайтыс болғандар Санат:Алхимиктер Санат:Ортағасыр ғалымдары Санат:Ұлыбритания философтары Санат:Оксфорд университеті түлектері Санат:Францискандар Санат:XIII ғасыр астрологтары Санат:Натурфилософтар Санат:Ұлыбритания астрологтары Санат:Латын философтары