Интеллект тестілері –индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері. Интеллект тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнауыл бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұсқауда көрсетілген логикалық топтастыру, ұқсастыру, қорыту және т.б. қатынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қояды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигуралардан және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай өткені анықталады, зияткерлік коэффициенті шығарылады. Алайда тестілеу нәтижелерінің сыналушының ақыл-ой әлеуетін анықтаудан гөрі оның бұған дейінгі тәжірибесінің, оқытылғандығының ерекшіліктерін анықтауға ғана себеп болатын жағдайлар мен қиыншылықтар бар. Сондықтан бұл нәтижелерді «тестілік» немесе «психометриялық» зият деп есептеуге де негіз бар. Шын мәнінде «тестілік» зият индивидтің ақыл-ойы дамуының деңгейін көрсетеді, ал мұның критерийі нақты зият тестілерінің авторлары ұсынған ұғымдар мен терминдердің және олардың арасындағы логикалық қатынастардағы жинағы болып шығады. Әртүрлі мәдениеттердің өкілдері болып болып табылатын индивидтер үшін бұл жинақтың критерий бола алмайтыны түсінікті. Интеллект тестілерінің әртүрлі үлгілері теориялық зерттеулерде және дефектолгия пркатикасында қолданылады, тестілеу нәтижелері үшін өңдеудің ерекше әдістері талдап белгіленген."Психология" энциклопедиялық сөздік, Алматы 2011

Дереккөздер