Жатай Жұмаділов (1930 жыл 24 наурыз, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент – 1996 жыл, Жамбыл қаласы) – еңбек ардагері. Еңбек жолы 1946 жылы Жамбыл педагогикалық училищесін және 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген; 1945 жылы Сарысу ауданы тұтынушылар одағында есепші; Институтты бітірген соң “Байқадам” орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі; 1957-59 жылдары Сарысу ауданы партия комитетінде саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі; 1959-62 жылдары Сарысу аудандық партия комитетінің хатшысы; 1962-65 жылдары Жуалы аудандық партия комитетінде партиялық бақылау комиссиясының төрағасы; 1965-67 жылдары КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыды; 1967-87 жылдары Жамбыл облысы халық ағарту бөлімін басқарды. Марапаттары Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды П.Дүйсенбин, «Үркердей болып көшкен жұрт», 878 б. К.Жақсылықұлы, Ә.Ақбұзауұлы, «Шежіре Тама-Жөгі-Жәнеке-Молдас». 131-132 бб..

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысында туғандар Санат:Жамбыл облысы тұлғалары Санат:1930 жылы туғандар Санат:1996 жылы қайтыс болғандар Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері