Балықтыкөл — Ертіс алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, Қоянды ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Ауданы 26,5 км2, ұзындығы 6,8 км, ені 6 км, ең терең жері 3,8 м, су жиналатын алабы 565 км2. Солтүстік-батыс және шығыс жағалаулары жайпақ, қалғандары - тік жарлы. Көлдің оңтүстік-шығысында ұзындығы 2,5 км, ені 0,7 км түбек бар. Балықтыкөл қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Көлге солтүстігінен Өзденбай өзені келіп құяды, солтүстік-батыс жағалауынан 2 км жерде Қарасор көліне құятын Талды өзені ағып өтеді. Суының ең жоғары деңгейі - сәуірде, төменгісі - қазан айында байқалады. Қарашада қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тым кермек. Түбі құмдақ, тұнба батпақты.
Өсімдігі, балықтары Жағалауында бетеге, көде, жусан, ши, қараған, құрақ өседі. Мөңке және табан балық кездеседі. Жазда көлге құстар ұялайды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы көлдері