Айбас — Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Аққыстау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 123 км-дей жерде.

Халқы 1989 жылы елді мекенде 146 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 656 адам (351 ер адам және 305 әйел адам) болса, 2009 жылы 562 адамды (311 ер адам және 251 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 229 адамды (123 ер адам және 106 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1917 жылы Кеңес үкіметі орнап, жаңадан әкімшілік басқару жүйесі - болыстық атқару комитеті құрылғанда оған Айбас атауы беріледі. Кейін ауылдық кеңес те осылай аталған. Айбас Беріш-Жайық руының азаматы Сатыбалдының үлкен баласы болған. 1957-1997 жылдары Чапаев атындағы кеңшардың жазғы мал жайылымы болды. Кеңшар тарағаннан бері оны жеке шаруа қожалықтары қоныс етеді. Айбас - Нарын құмының дәл ортасындағы атақты жайлау. Кей деректерге қарағанда бұл жерді Бөкей хан заманында Айбас деген старшина билеген.Исатай ауданы, «Арыс» баспасы, Алматы 2003 ISBN 9965-17-1165

Сыртқы сілтемелер Уикимапияда

Дереккөздер

Санат:Исатай ауданы елді мекендері