Арқарлы – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде, Мойынты темір жол стансасының солтүстік-батысында 7 км жерде. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7 км-ге созылып жатыр, ені 3 – 4 км. Ең биік жері 927 м.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Оқшауланған тау массивінен тұрады. Девон жүйесінің төменгі және ортаңғы бөлігінің жыныстарынан түзілген. Тау баурайында бұлақ (Қараүңгір) кездеседі.
Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырағында жусан, сұлыбас, боз, шығыс беткейлерінде бұталар өседі. Кең аңғарлары қыстық мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы I том
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары