нобай| Небулалық болжам ( – мұнар) — Күн жүйесінің (немесе жалпы аспан денелерінің) ыдыраңқы тозаңнан пайда болғандығын түсіндіретін космогониялық болжам.
Планеталардың қатты қызған газ мұнарынан пайда болатыны жөніндегі жорамалға негізделген Пьер-Симон Лаплас болжамына, планеталардың тозаң мұнарынан түзілетіні жөніндегі Кант болжамына, кейде осы заманғы болжамдарға да сүйене отырып, осы термин қоладныла бастады. Небулалық болжамның негізіне алынған ғарыш денелері мен басқа да ғарыштық заттардың (газ, тозаң) табиғи түрде пайда болуы жөніндегі тұжырымдар қазірге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ.Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"
Дереккөздер
Тағы қараңыз Күн жүйесінің эволициясы және қалыптасуы Аккреция Санат:Космогония Санат:Планетология Санат:Астрономиялық гипотезалар