Федор Александрович Бредихин - орыс астрономы. Петербург ғылым академиясының акадимигі (1890, 1877 жфлдан корр мүшесі). Мәскеу университетінің профессоры. Мәскеу университетінің жанындағы обсерваторияның және Пулков обсерваториясының директоры. Еңбек жолы Федор Александрович Бредихин орыстың астрофизика мектебін құрған, комета формулаларының теориясын жасаған. Ол каметалардың физикалық теориясын құрып, кометалардың құйрықтары газ молекулаларынан құралған және метеорлар ағыны кометалардан пайда болды деген қорытынды жасаған. Комета формаларының механикалық теориясы жайында жүргізген зерттеулері арқасында Федор жер жүзіне танылған. Комета ядросынан ұшып шығатын заттардың қозғалысын зерттеп, комета құйрықтарын үш топқа бөліп, олардың классификациясын жасаған. Федор Күн, комета және тұмандықтардың спектрлерін зерттеген..Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том

Дереккөздер

Санат:8 желтоқсанда туғандар Санат:Николаев облысында туғандар Санат:14 мамырда қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Қоғамдық игілік жазушылары Санат:Ресей астрономдары Санат:XIX ғасыр астрономдары Санат:Санкт-Петербург ғылым академиясының мүше-корреспонденттері