Осмонқұл Бөлебалаев - қырғыз халық ақыны, Қырғызстан КСР-і халық артисі. Өлеңдерін қазақ тілінде де жазған. Тұңғыш жинағы "Осмонқұлдың ырлары" 1936 ж. шыққан. Осмонқұл Бөлебалаев - "Баатыр Чолпонбай", "Ашымжан", "Гүлшайыр" т.б. поэмалардың авторы. Оның алғашқы туындыларында сүйіспеншілік және лиро-эпостық сарын басым. Революциядан кейінгі шығармаларында Ленин бейнесі, еңбек адамының өмірі басты орын алады. Біраз өлеңдері орыс, қазақ т.б. тілдерге аударылған. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1973ж., 448-бет 2 том
Дереккөздер
Санат:КСРО тұлғалары