«Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа 1998 жылғы 23 қазанда облыстық мәслихаттың ХVІІ сессиясының шешімімен берілді Облыстың құрметті азаматтары . Қызылорда облыстық мәслихаты 2012 жылғы 6 желтоқсандағы N63 шешiмiмен облыстық құрметті азаматы атағын беру қағидаларын бекіткен болатын "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы. Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы N 63 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 11 қаңтарда N 4387 тіркелді .

"Облыстың құрметтi азаматы" атағын беру қағидалары "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағы (бұдан әрі - атақ) Қызылорда облысының (Қызылорда қаласының, ауданның) әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-мәдени, қоғамдық өмірдің басқа да салаларының дамуына, қайырымдылық жасау қызметiнде, азаматтарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде, бейбiтшiлiк пен достықты, ұлтаралық келiсiм мен татулықты нығайтуда қомақты үлес қосқан азаматтарға беріледі. Атақ облыс (қала, аудан) әкiмінің ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешiмімен берiледi. Атақ облыс (қала, аудан) аумағында тұрмайтын азаматтарға да берiлуi мүмкiн. Атаққа ие болған тұлғаға куәлiк, төсбелгi берiледi және оның есiмi облыстық (қалалық, аудандық) тарихи-өлкетану мұражайында сақталатын Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматтары кiтабына енгiзiледi. Куәлiктi, төсбелгiнi және Облыстың, қаланың, ауданның құрметтi азаматтары кiтабын әзірлеу және жасап шығару тиісінше облыс, қала, аудан әкiмдерінің аппараттарына жүктеледi. Атақ беру туралы қолдаухатты облыс (қала, аудан) әкімінің атына жеке тұлға және заңды тұлғалар енгізеді. Түскен қолдаухаттар облыс (қала, аудан) әкiмінің жанындағы марапаттау комиссиясымен қаралады. Ұсынымға нақты сiңiрген еңбектері және наградалары туралы мәлiметтер қамтылған мінездеме, сондай-ақ, 3х4 сантиметр және 6х9 сантиметр көлеміндегi екi сурет қоса жалғанады. Атақ беру туралы қолдаухат қолдау таппаған жағдайда аталған қолдаухатты ұсынған тұлғаға заңнамада көзделген мерзімде оның себебі туралы түсіндірме беріледі. Облыс (қала, аудан) әкiмі облыс (қала, аудан) әкiмінің жанындағы марапаттау комиссиясының ұсынысын ескере отырып, кандидатураны облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың қарауына ұсынады. Куәлiк пен төсбелгi облыс (қала, аудан) әкiмімен және (немесе) облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың хатшысымен салтанатты жағдайда тапсырылады.

Құрметті азаматтар тізімі № Аты-жөні Берілген уақыты Сессия Шешім нөмірі 1 Бағланова Роза Тәжібайқызы 12 желтоқсан 2007 жыл ІІІ 21 2 Нұрпейсов Әбдіжәміл Кәрімұлы 12 желтоқсан 2007 жыл III 21 3 Қараманов Ұзақбай Қараманұлы 12 желтоқсан 2007 жыл III 21 4 Шаухаманов Сейілбек Шаухаманұлы 12 желтоқсан 2007 жыл III 21 5 Сұлтан Сартайұлы Сартаев 12 желтоқсан 2007 жыл III 21 6 Қазанбаева Шырынкүл Қазанбайқызы 12 желтоқсан 2007 жыл III 21 7 Маханов Тұрғанбай Маханұлы 12 желтоқсан 2007 жыл 8 Ильин Илья Александрович 11 желтоқсан 2008 жыл 9 Иран Ғайып (Оразбаев Иранбек Әбітайұлы) 11 желтоқсан 2008 жыл XI 115 10 Ормантаев Камал Сәруарұлы 11 желтоқсан 2008 жыл XI 115 11 Сәпиев Оңалбек 11 желтоқсан 2008 жыл XI 115 12 Ержігіт Бозғұлов 11 желтоқсан 2008 жыл XI 115 13 Дәулетұлы Абдолла 11 желтоқсан 2008 жылXI 115 14 Бердаулетов Камал Әбдірашитұлы 11 желтоқсан 2008 жылXI 115 15 Сапарбаев Бердібек Машбекұлы 11 желтоқсан 2009 жылXXII 193 16Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы 11 желтоқсан 2009 жылXXII193 17Құбашев Сағидолла 11 желтоқсан 2009 жылXXII 193 18Өтемұратов Болат Жәмитұлы 11 желтоқсан 2009 жылXXII 193 19Қалиев Ыдырыс 31 наурыз 2010 жылXXVI 214 20Сейтов Сүлеймен 31 наурыз 2010 жылXXVI 214 21Адырбеков Икрам Адырбекұлы 8 шілде 2010 жылXXIX 234 22Имандосов Самұрат Жұманұлы 6 желтоқсан 2011 жылIIIL 332 23Құлманов Бөрібай 6 желтоқсан 2011 жылIIIL332 24Подольских Николай Артемьевич 6 желтоқсан 2011 жылIIIL 332 25Қалибек Ахметжанов 6 желтоқсан 2011 жылIIIL 332 26Ақдаулетова Алма Танабайқызы 6 желтоқсан 2011 жылIIIL 332 27 Еспанов Ұзақ 6 желтоқсан 2011 жыл 28 Жұмабекова Салима 6 желтоқсан 2011 жыл 29 Сабыр Шәймерденұлы Арыстанбаев 30 қараша 2013 жыл 21 159 30 Омаров Ернияз 30 қараша 2013 жыл 21 159 31 Ералиев Абзал Жұмашұлы 12 желтоқсан 2014 жыл 33 239 32 Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы 12 желтоқсан 2014 жыл 33 239

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысы тұлғалары