Василий Иванович Лебедев-Кумач (Шын фамилиясы - Лебедев; 1898 жыл 5 тамыз, Мәскеу - 1949 жыл 20 ақпан, Мәскеу) - орыс ақыны.

Өмірі Ол 1920 жылдары саяси өткір сықақ өлеңдер мен әңгімелердің, фельетондардың авторы ретінде танылды. Алғашқы шығармалары «Крокодил» т.б. газет, журналда жарық көрді. «Айырылысу» (1925), «Барлық болыстардан» (1926), «Мұңды күлкі» (1927) т.б. өлеңдер жинақтары жеке кітап болып басылды. «Көңілді балалар» (1934), «Цирк» (1936), «Капитан Гранттың балалары» (1936), «Волга-Волга» (1937) т.б. кинокомедиялардың ән мәтіндерін жазды. Лебедев-Кумач есімі кеңес көпшілік әндері жанрының негізін салушылардың бірі ретінде халық арасына кең танылды. Оның «Отан туралы жыры» (1936) қазақшаға аударылған, «Көңілді балалар маршы» (1934), «Қасиетті соғыс» (1941) т.б. шығармалары патриоттық рухқа толы пафосымен, азаматтық асқақ әуенімен жүрек баурайды. Марапаттары Лебедев-Кумач КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1941). 3 орденмен және медальдармен марапатталған. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975 ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:5 тамызда туғандар Санат:1898 жылы туғандар Санат:Мәскеуде туғандар Санат:20 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1949 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Ресей ақындары Санат:Ресей сазгерлері Санат:КСРО ақындары Санат:КСРО сазгерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері