Самауил Аронович Рейнберг (1897—1966) — совет рентгенологы, РСФСР-дің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Медицина ғылымдар докторы, профессор. 1940 жылдан КПСС мүшесі.

Қызмет жолы 1-ші Ленинград медицина институтын бітірген. Ленинградтағы педиатрия медицина институтының жанынан дүние жүзіндегі алғашқы балалар рентгенология кафедрасын ұйымдастырды. Самауил Рейнберг 1930 жылдан Ленинград дәрігерлер білімін жетілдіру инстиутының рентгенология кафедрасының, ал 1943 жылдан Орталық дәрігерлер білімін жетілдіру институтының рентгенология және радиология кафедрасының меңгерушісі. Сонымен қатар Орталық рентгенология және радиология институтының директоры. Оның негізгі еңбектері баланың тыныс алу, ішек-қарын, қозғалыс органдарының рентгенодиагностикасы жөніндегі мәселелерге арналған. КСРО-да ангиография және рентгенодиагностикалық негізін салушылардың бірі. Ол - Бүкіл одақтық рентгенолог және радиологтар қоғамының президиум мүшесі.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том

Дереккөздер

Санат:КСРО тұлғалары Санат:КОКП мүшелері Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО медицина қызметкерлері