Бақ сұлыкеш - Торғайтәрізділердің Сарыторғайлар тұқымдасының Сұлыкештер тармағының құсы.
Биологиялық сипаттамасы Тұмсығы қызғылттау, көзінің айналасында ақ шеңбері бар , орташа денелі (20-30г) құс. Бақ сандуғашының аналығы мен аталығының түстері өте ұқсас. Олардың реңі, жотасы-шұбарланған ашық қоңыр, бауыры- қызғылтсары сарғылт, тамағы- сары, басы мен жемсауы сарғыштау реңкті. Мекені Бұл құстың шыққан тегі- оңтүстік Еуропалық өңір, Азияға , Батыс Сібір арқылы Алтайға дейін енген. Бақ сұлыкеш Қазақстанда солтүстік жартысына дейін –Жайық аңғарыныан Ертіс және Алтайға дейін қоныстанады. Қалған орындарда тек қана мамыр және тамыз- қыркүйек айларында өзінің Африкалық – Азиялық қыстауы үшін барып, қайта оралып, ұшып өткен жылыстау кезінде кездеседі. Бұталары бар ашық кеңістікке қоныстанады. Әуені кәдімгі сұлыкештің әуені іспеттес , бірақ әдетте төрт буыннан құралған қысқа және тұрақты болып келеді. Өмір сүруі Ұясы жақсы жасырылып, жерге орналастырылады. Салындыдағы 4-6 теңбілді жұмыртқалары 11-12 күн аналығы басады, ал балапандарын ата-енелері бірлесіп қоректендіреді. Шамамен 14-15 күнде ұша бастайтынына қарамастан , балапандар көбінесе ұяны 8-9 күнде тастап кетеді. Ата-енелері балапандарды ұядан тыс кездерде де қоректендіреді Мектеп энциклопедиясы. Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. ISBN 978-601-282-168-0.
Дереккөздер
Санат:Сарыторғайлар Санат:Еуразия құстары