Жанатай батыр Ақанұлы (1723–1819 ) — қазақ жерін жоңғарлардан қорғаған XVIII ғасыр батырлардың бірі, Бөгенбай батыр Ақшаұлының (1680-1775) серігі. Айыртау ауданында дүниеге келген. XVIII ғасырдың 30-жылдары жоңғарлармен болған шайқаста көзге түскен. Жанатай есімі халықтың ауыз әңгімелерінде, аңыздарында кездеседі. Ол туралы Ш. Уәлиханов «XVIII-ғасырдағы батырлар жайлы тарихи деректер» мақаласында айтқан. Есіл ауданының Жанатай (қазіргі Өрнек) ауданында жерленген.Қазақ энциклопедиясы Орта жүзге басып кіру (1752–1753) және Қазақ-жоңғар соғысы (1752-1755) Абылай ханмен жонғарларға қарсы шайқасқан.

Оның әкесі Ақан өте бай адам болған, ондаған мың жылқысы болған. Оның жеке меншігінде Көкшетаудан Торғай даласына дейін созылып жатқан жерлер болды. Ақан тау, көл және өзен оның есімімен аталғанhttps://abai.kz/post/218767http://ishimochka.kz/index.php/aktualno/4211-my-potomki-zhanataj-batyra https://kaz.inform.kz/amp/sko-da-abylaydyn-serigi-zhanatay-batyrdyn-kumispen-aptalgan-belbeui-saktalgan_a4093277/

Атап айтқанда, Жанатай батыр Ақанұлы,Жанатай батыр (Жантеке), Баян және басқа да батырлар бастаған шайқастарды баяндайтын «Қап қағылған»,«Шаңды жорық», және «Көшпенділер» әндерінің кейіпкері.

Мысалы, Мұхтар Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» еңбегінде: «1753-1754 жылдарда Ер Жанатай, Қабанбай, Бөгенбай, Керей Жәнібек, Мүйізді Өтеген батырлар бастаған қазақ қолы қысы, жазы демей әлденеше рет Жоңғарды шауып қайтады ».Мұхтар Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» ISBN 978-601-7691-30-1

Белбеуі

СҚО-да Абылайдың серігі Жанатай батырдың күміспен апталған белбеуі сақталған бүгінгі күнге.

Ерлігі Бірде Абылай хан Жанатай батырға 40 сарбаздан тұратын арнайы жасақ беріп, мінер ат, ішер ас алып келу үшін жасырын түрде қалмақтар жайлаған аймаққа аттандырады. Қарулы жасақ қалмақтарша киініп, қолдарына солардың қару-жарағын алып, жау ішіне білдірмей енеді. Табыннан бір үйір жылқыны бөліп алып, жайлап айдаған күйі жоңғарлардың шебінен өтіп, елге беттейді. Жанатай 30 батырмен қуғыншыларды тосып, артта қалып қояды да, олардың алғашқы легін қырып тастап, аттарын тағы да олжалап, айқай-шумен басқа бағытқа қарай қуғыншыларды адастырып, орта жолда топ-топ болып жалт бұрылып, жау жылқысын айдап бара жатқандарға қосылады.

1752–1753 жылдардағы жоңғарлардың Орта жүзге басып кіруі және оған қарсы соғыс – қазақ-жоңғар қақтығыстарының соңғы, шешуші кезеңдерінің бірі. Осы тарихи шайқастарда Орта жүздің Арғын тайпасы ішінен шыққан атақты Жанатай батыр Ақанұлы (1723–1819) Абылай ханның сенімді серігі ретінде ерекше ерлік көрсетті.Абуев К. К. Абылай Хан. Современники и наследники:монография / Под рец. Ю. А. Сорокин, Х. М. Абжанов. — Кокшетау: Эрекет, 2013. — 308 с. — ISBN 978-601-7462-03-01.Моисеев В. А. Джунгарское ханство и казахи XVII-XVIII вв. / Пищулина К. А.. — Алмата: Гылым, 1991. — 238 с. — ISBN 5-628-00769-2Р. Б. Сулейменов, В. А. Моисеев. Из истории Казахстана XVIII века (о внешней и внутренней политике Аблая). — Алма-Ата: Наука, 1988. — 144 с.

Балалары Жанатай Ақанұлының тоғыз ұлы болған. Жанатай 3 әйел алған, бәйбішесінен — Ботанай, Құдайберді, Тілеуберді-Батыр, Досымбек, ортаншы әйелінен — Асылбек, Мұратбек, үшінші әйелінен — Құлыбек, Исабек, Жұмабек.

Тілеуберді-Батыр

Жанатайдан Тілеуберді батыр туады. Тілеуберді батыр Кенесары тұсындағы соғысқа қатысып, өшпес ерлігімен көзге түскен.

Руы Жанатай Ақанұлы – Орта жүзден, Арғын тайпасына кіретін Қарауыл немесе Атығай руынан. Ішінде Нөгай тармағынаң шығады. Атасы Жиембет ал әкесі Ақан бай болған.

Кесенесі Ескерткіш Саумалкөл ауылынан оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай 3,8 км, Саумалкөл ауылынан Арықбалық ауылынан өтетін жолдан батысқа қарай 360 м жерде орналасқан. Ескерткішті 2023 жылы Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының Солтүстік Қазақстан кешенді археологиялық-этнографиялық экспедициясының барлау жасағы зерттеді. Кесене жазықта орналасқан. Мұнда бұрын қазақ зираттары болған, қазір бұл жер жыртылып кеткен. Қазіргі ескерткіш 2022 жылы салынған.Қазақстан Республикасының Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Солтүстік Қазақстан облысы. 1-шығарылым. Айыртау ауданы. – Алматы, 2024. – 320 б. – Қазақша, орысша. ISBN 978-601-82117-7-5, ISBN 978-601-82117-8-2

Дереккөздер

Санат:Қазақ батырлары