Катарина Сусанна Причард - Аустралия жазушысы. 1920 жылдан Аустралия Компартиясының мүшесі. Катарина - Аустралияда реалистік романның негізін салушылардың бірі. Еңбек жолы Оның тұңғыш романы "Пионерлер" 1915 ж. жарияланды. "Қара лағыл тас", "Жегілген өгіздер", "Жақын бейтаныстар" т.б. романдарында қарапайым еңбек адамдарының өмірін көрсетті, капиталистік қоғамның мерезін сынады. Катарина 1933 ж. Совет Одағына келіп, "Нағыз Ресей" атты очрктер кітабын шығарды. Ол соғыстан кейінгі кезеңде "Тоқсаныншы жылдар", "Алтын мильдер", "Өркенді дән" романдарынан құралған трилогиясында қоғамдық өмірді кең қамтып, дәуір шындығын шебер суреттеді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том
Дереккөздер
Санат:4 желтоқсанда туғандар Санат:Фиджиде туғандар Санат:2 қазанда қайтыс болғандар Санат:Батыс Аустралияда қайтыс болғандар Санат:Аустралия жазушылары Санат:Аустралия коммунистері