Қызықшы, масқарапаз - өзбек халық театрының актері. Театр туралы Ол туралы деректер орта ғасыр әдебиетінде кездеседі. Қызықшылар ойыны импровизацияға негізделіп, үстем тап өкілдерін сынаумен болды; көріністе би мен музыка пайдаланылды. XIX-XX ғасырдың басында кең өріс алды. Қызықшылар театрының дәстүрі өзбек кеңес театр өнерінің, әсіресе ұлттық музыкалық-драма жанрының өркендеуіне игі әсер етті. Олардың сауығы қазақ елінде кең таралған қулардың өнеріне жақын болды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Театрлар Санат:Мәдениет