Гарри Квелч (1858 жыл 30 қаңтар - 1913 жыл 17 қыркүйек) - ағылшын және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері, Англияда марксизмді насихаттаушы. Саяси өмірі 1911 жылы құрылған Британ социалистік партиясының ұйымдастырушыларының және басшыларының бірі. 2-Интернационалдың конгресстеріне қатысты. Халықаралық социалистік бюроның мүшесі болды. «Искра» газетін бастыруда Владимир Ильич Ленинге көмек көрсетті. Кейбір оппортунистік қателер жіберді (1911 жылы Гайндманның шовинистік әрекетін қолдады). Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975 ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Саясаткерлер Санат:Англия тұлғалары Санат:1858 жылы туғандар Санат:1913 жылы қайтыс болғандар