Сарыөзек (2002 жылға дейін - Вольское)Осакаров ауданының тарихы — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Сарыөзек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.

Тарихы Іргесі 1913 жылы қаланған. 1929 жылы К. Либкнехт атындағы ұжымшар, 1951 жылы Красный пахарь және Победа ұжымшарлары, 1961 жылы Ұжымшар негізінде «Коммунар» кеңшары құрылған. Жерінің жалпы ауданы 43,2 мың га. 40-қа жуық шаруа қожалығы, 5 ЖШС бар (2006).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен11041228 904 73,6 589 465 78,9 639 439 68,7

Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде (Сарыөзек, Русская Ивановка, Шоқай) клуб, ОДА, фельдшер-акушерлік пункт, 2 мектеп, кітапхана жұмыс істейді. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын - Шоқай темір жол станциясы батысқа қарай 4 км-дей жерде орналасқан.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Осакаров ауданы елді мекендері