Михайлов жер асты су кен орны - Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан. Қарағанды қаласын шаруашылықтық және ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған.

Геологиялық құрылымы Кен орны Михайлов мульдасының солтүстік және орталық бөлігіндегі юра шөгіндісінде шөғырланған. Су сыйыстырғыш тау жыныстарында жарықшақтардағы құмтастар мен конгломераттар жатады.

Сипаты, құрамы Жер асты суы арында, арыны 19 м-ден 120 м-ге дейін өзгереді. Тұщы суының минералдылығы 0,5-1 г/л , химиялық құрамы бойынша сульфат-хлоридті натрий-кальцийлі. Жер асты суы Михайлов мульдасының солтүстік және оңтүстік бөлігінде таралған. Кен орны 1933 жылдан пайдаланылуда. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы кен орындары