Палеонтологиялық әдіс - жер қабаты шөгінділерінің геологиялық салыстырмалы жасын, онда сақталған организмдер қазба қалдықтарына қарап айыру. Палеонтологиялық әдіс стратиграфия мәселелерін шешуге пайдаланылады. Бұл әдістің негізін құрушы ағылшын инженері У.Смит (1769-1839). Палеонтологиялық әдістің дамуына палеонтологияда эволюциялық көзқарасты бекіткен Ч.Дарвиннің еңбектері жағдай туғызды. Қазақ совет энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Биология