Энгин Акюрек () - түрік актері және моделі. Қазіргі уақытта Түркиялық 7 сериалға түсіп үлгерді. Фильмдерге 2004 жылдан бастап түскен.

Биографиясы Энгин Акюрек 1981 жылы Түркияның Анкара қаласында дүниеге келген. Ол мектепті бітіргеннен кейін Анкара Университетінің тарих және география факультетін бітіріп тарихи білім алып шықты. Акюрек алғаш рет «Түркия жұлдыздары» атты таланттар шоуында көрінді. Осы бағдарламада ол көптеген жанкүйерлерге ие болды. Бағдарлама аяқталғаннан кейін ол «Шетелдік күйеубала» (Yabancı Damat) сериалына шақырылды. 2004 және 2005 жылдары Энгин Акюрек осы сериалда Кадирдың рөлін сомдады. Осыдан кейін оның жанкүйерлері көбейе түсті. 2006 жылы ол «Тағдыр» (Kader) сериалында Джеваттың рөлін сомдады. 2007 және 2008 жылдары жас актер Karayılan сериалында ойнады. Сериалды ATV арнасы көрсетіп, ал режиссері Джем Акйолдаш болды. Сериалда Газиантептің француз басқыншылығы кезеңіндегі жағдайы көрсетілді. Акюрек бұл сериалда Бүлен Инал және Бегюм Биргёрен сияқты әртістермен әріптес болды. Актерға нағыз танымалдықты «Фатмагүл не кінәсі бар?» сериалы алып берді. Бұл сериалда оның әріптесі Берен Саат болды. Fatmagul'un Sucu Ne?

Дереккөздер

Сілтемелер Engin Akyurek on TurkishStarsDaily

Санат:Түркия актерлері Санат:12 қазанда туғандар