Жансая Жаңғазыұлы Жарылғапов — 1974 жылы, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы.

Қызметтік жолы Қызметтік жолын 1996 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2005-2006 жылдары аталған университетте қазақ әдебиеті және теория кафедрасының меңгерушісі болды. 2006-2009 жылдар аралығында 10.01.02 – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша докторантураның күндізгі бөлімінде оқыды. 2011 жылдан бастап қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

Зерттеулер Жансая Жаңғазұлы — 100-ден аса ғылыми мақаланың, 3 оқу құралының, 2 монографияның авторы. 2000 жылы «70-80-жылдар қазақ прозасындағы адам концепциясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация, 2009 жылы «Қазақ прозасындағы әдеби ағымдар және көркемдік әдіс» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ж.Жарылғапов ұлттық әдебиеттегі көркемдік әдістер мен әдеби ағымдарды, қазақ әдебиетінің идеялық-философиялық тың парадигмаларын, Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін зерттеумен айналысады.

1.«Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын оқыту мәселелері» (1997)оқу-әдістемелік құрал; 2. «ХХ ғасыр соңындағы қазақ прозасының идеялық-эстетикалық мәселелері» (2003)оқу құралы; 3. «Жанр және көркемдік әдіс» (2011) оқу құрал; 4. «Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер» (2009) монография; 5.«Ұлттық прозадағы әдеби ағымдар типологиясы» (2011) атты монография.

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:1974 жылы туғандар Санат:27 желтоқсанда туғандар