Нумерология ()— сандардың және физикалық нысандардың, процестердің және жалпы адамның өмірі мен санасының мистикалық байланысы және олардың бір-біріне көрсететін әсері туралы эзотерикалық сенімдердің жүйесі.

Қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 0» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым-тыйымдарымыздан, нақыл-сөздерімізден мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.

Сандарды зерттеуге жаңа бағыт тұрғысынан келген ізденістерге тоқталатын болсақ олардың лингвокультурология, этнолингвистика, когнитивті лингвистика аспектісінде жүргізіліп келеді. Осындай зерттеулердің бірінде мынадай тұжырымдар жасалған: 1, 2, 3, 4, 7 сан атауларының символдық мәні ғаламдық модель туралы көне мифологиядан бастау алады; 7, 9, 40 сан атауларының символдық қасиеті магия өнерінің туумен бірге қалыптасқан; Сандар алғашында ерекше қолданылып, соның барысында, кейіннен сиқырлы сандар ретінде семантикалық жағынан дамыған; Сандық символдар жүйесінде қалыптасып, философиялық, логикалық, психологиялық т.б негіздермен сабақтасып, сандар арқылы көрнектеген этномәдени, рухани ескіліктердің күрделі де кешенді мазмұны – тілдік сананың түп негіздері; Сандар жүйесінде қалыптасқан қазақ ескіліктерінің пайда болуы ұлттық танымға сай о бастағы сандарға тағылған ерекше қасиет пен жұмбақ ұғымдарға байланысты; Қазақ тіліндегі бір, екі, үш, төрт, тоғыз, он екі, қырық сандары адамзаттық жалпы дүниетаным жүйесіне негізделген.

Санат:Сандар Санат:Мистика Санат:Эзотерика