thumb|right|600px Василий Иванович Зюзин (15.6.1896, Ресей, Волгоград облысы Даниловка ауданы Орехов слободасы – 7.10.1975, Алматы қаласы) – медицина ғылымдаоының докторы (1944), профессор (1945), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1947), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері (1943).
Ресейдің Дондағы Ростов қаласындағы Дон (қазіргі Ростов) университетінің медицина факультетін бітірген (1925). 1934 жылдан Қазақстанда тұрып, еңбек еткен. Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтының директоры (1933–41), Алматы мемлекеттік медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) директоры (1943–51), сонымен қатар туберкулез кафедрасының меңгерушісі (1951–64) болды. 1964 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында туберкулез кафедрасын басқарды.
Негізгі ғылыми еңбектері өкпе және лимфа түйіндері туберкулезі, оның эпидемиологиясы, клиникасы, одан сақтану және емдеу мәселелеріне арналған. Қазақстанда туберкулез диспансерлерін ұйымдастырды.
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:15 маусымда туғандар Санат:1896 жылы туғандар Санат:Даниловка ауданында туғандар Санат:7 қазанда қайтыс болғандар Санат:1975 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан медиктері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері