Далалық күйкентай немесе Дала күйкентайы () — сұңқартәрізділер отрядының Сұңқарлар тұқымдасының Кәдімгі күйкентайдан біршама кішірек денелі жыртқыш құс.

Аталығы өте ашық реңді-басы шұбарланбаған сұр көгілдер,жоны-ашық қызғылтсары, құйрығы-үстіңгі жағы қошқыл жолақты ашық сұр түсті. Кәдімгі күйкентайдан қысқалау келген құйрығы және ақ тырнақтарымен ерекшеленеді. Ірі жәндіктерді негізінде шегірткелер мен қоңыздарды басымырақ қорек етіп, сондай -ақ кесірткелерді, ұсақ кемірушілермен құстарды да жейді. Оңтүстік Еуропа, Алдыңғы және Орта Азияны қоныстайды. Оңтүстік Азияда және Солтүстік Африкада қыстайды. Қазақстанда үлкен аумақта тіршілік етеді, бірақ нағыз таулардан аулақ жүреді. Шоғыр түзетін құстар,жылыстау кезінде де шоғырланып ұшады. Жартастарға, кейде құрылыстарға және ағаш қуыстарына ұялайды. Соңғы онжылдықта бұл құстың саны барлық аймақта шұғыл кеми түскендіктен, далалық күйкентай түр ретінде Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл тізіміне тіркелгенҚұстар.Мектеп энциклопедиясы,2010,Ковшарь Анатолий Федорович,ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.

Шығыс Қазақстанда далалы жерлерді, оңтүстігіндегі орманды даланы, қыратты жерлерді мекендейді. Өзен аңғарларында, жағалаудағы жарлы жерлермен бірге құз тастарда да кездеседі. Дала күйкентайының негізгі қорегі майда кеміргіштер, көкқасқа шегірткелер мен қоңыздар, сондай-ақ, кеміргіштер, құрт-құмырсқалар, кейде ұсақ құстарды да аулайды. Ұясын жағалау жанына, үйінді обалардың биігіндегі тастарға салады. Дала күйкентайы кейде басқа құстардың да ұясын паналайды. 2-7 жұмыртқа салады. Дала күйкентайы жыл құсы. Қыстайтын жерлері - Оңтүстік Азия, Африка. 1100 м биікке ұя салғаны біздің аймақта байқалмаған. Қатон-Қарағай мен Бұқтырмада, Берел жағында, Саханың ауыз тұсында көрінген.

Дереккөздер

Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары Санат:Сұңқарлар