Береке (2000 ж. дейін Память Ильича) — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Алмалы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Облыс орталығы Атырау қаласынан солтүстікке қарай 5 шақырым қашықтықта орналасқан.Топонимика Казахстана. Издательство "Аруана" Алматы,2010
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 477 адам (234 ер адам және 243 әйел адам) болса, 2009 жылы 945 адамды (465 ер адам және 480 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3123 адамды (1556 ер адам және 1567 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Әлеуметтік нысандары Береке орта мектебі — Балықшы ауданына қарасты №26 Память Ильича бастауыш мектебі болып 1937 жылы құрылған. 1986 жылы балабақша жанынан екі ғимараттан (бастауыш мектеп, негізгі мектеп) тұратын 4 жылдық мектеп-балабақша болып ашылды. 1992-1993 оқу жылында мектеп-балабақша 7 жылдық орталау мектеп болып ашылды. 1993-1994 оқу жылында 8 жылдық орталау мектеп болды. 1994-1995 оқу жылдарында мектеп түпкілікті 9 жылдық болды. 2001-2002 оқу жылынан бастап мектеп «Береке ауылының негізгі мектебі» деген лицензиясын алды. 2005-2006 оқу жылының ІІ жарты жылдығынан мектеп жанынан шағын орталық жұмыс жасауда. 2017-2018 оқу жылында Береке орта мектебі болып ашылды және жаңа 250 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді.Мектеп тарихы Фельдшерлік-акушерлік пункт http://www.atyrau-city.kz/index.php?uid=division&l=r&sl=1&rn=29#main-container Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
thumb|орта|600px|Береке ауылы
Діни мекемелері "Медет" мешіті — 2023 жылы наурыз айында ашылды. Мешіт 300 адамға арналған. Ерлерге және әйелдерге арналған таһаратхана, Құран оқитын бөлме қарастырылған.Атырауда Береке ауылында жаңа мешіт ашылды
Елді мекендегі көшелер Абылай хан көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесі Әбу Насыр Әл-Фараби көшесі Әбілқайыр хан көшесі Әйтеке би көшесі Әлихан Бөкейханов көшесі Әмір Сейдеғалиев көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі Бұқар жырау көшесі Жаңа құрылыс көшесі Зейнелғабиден Тыныбеков көшесі Исатай көшесі Кенесары Қасымұлы көшесі Күлтегін көшесі Қазыбек би көшесі Қапиза Тыныбекова көшесі Қасым хан көшесі Қобыланды батыр көшесі Қожа Ахмет Ясауи көшесі Қуаныш Түсіпқалиев көшесі Құспан Нұрпейісов көшесі Махамбет көшесі Міржақып Дулатұлы көшесі Нұрмұхан Жантөрин көшесі Сабила Мұхитова көшесі Сағадат Нұрмағамбетов көшесі Сарайшық көшесі Сарыарқа көшесі Сұлтан Бейбарыс көшесі Төле би көшесі Тұрар Рысқұлұлы көшесі Халел Досмұхамедұлы көшесі Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесі Шәмші Қалдаяқов көшесі Шоқан Уәлиханов көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесі Ілияс Қыдырғожин көшесі
Дереккөздер
Санат:Атырау қалалық әкімдігі елді мекендері