Ащыкөл — Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тұзды көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау қаласынан солтүстікке қарай 20 км жерде, теңіз деңгейінен 334 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 6 км2 (кейбір құрғақшылық жылдары 3,8 км2). Көктемгі қар және жер асты суларымен толысады. Жағалауы жайпақ, көл түбінде тұнба шөккен. Суында алабұға, мөңке балық тіршілік етеді.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы көлдері