Әбдіржан Қалыбаев (1935 жылы туған, Арал ауданы, Ұялы ауылы) – партия және шаруашылық қызметкері. ҚазМУ-ды, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1957 – 65 жылдары Сырдария ауданындағы санақ мекемесінде инспектор, аға экономист, облыстық ауыл шаруашылық басқармасында аға экономист, облыстық өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау басқармасында аға экономист, «Ауылқұрылыс» СМУ-нда аға инженер, жоспарлау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 1966 – 78 жылдары облыстық парткомда нұсқаушы, қалалық парткомда хатшы болды. 1978 – 92 жылдары Қызылорда қалалық аткомы төрағасының 1-орынбасары, облыстық жоспарлау комиссиясының төрағасы, бас жоспарлау экономикалық басқармасының бастығы, Қызылорда қалалық аткомының төрағасы, 1992 – 94 жылдары Қызылорда қалалық әкімдігінің басқарушысы, қала әкімі. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1995 жылы облыс әкімінің көмекшісі.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және 2 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1935 жылы туғандар Санат:Қызылорда облысында туғандар Санат:Қызылорда әкімдері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері