Бірлік — Атырау облысы Атырау қаласының солтүстік шетіндегі ауыл, Геолог ауылдық округі құрамында болған. 2019 жылы қала құрамына енгізілдіАтырау облысы Атырау қаласының Геолог ауылдық округі мен ауылдарын тарату туралы. Бұрынғы атауы Новостройка (Придорожный).
Географиялық орны Жайық өзенінің оң жағалауында, темір жол станциясынан 4 км жерде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1623 адам (820 ер адам және 803 әйел адам) болса, 2009 жылы 2839 адамды (1416 ер адам және 1423 әйел адам) құрады.
Әлеуметтік нысандары Ауылда “Атырауснаб” акционерлік қоғамы, Батыс Қазақстанның ұңғыларды геофизикалық әдістермен зерттеу экспедициясы, т. б. өндірістік мекемелер жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том Мектеп, балалар бақшасы, фельдшерлік-акушерлік пункт, көптеген тауарлар базалары орналасқан. Құрылыс материалдарын сататын ірі гипермаркет жұмыс жасайды.
Ауыл көшелері Х. Бөкеева (Актауская, Ақтау) көшесі Буровиков көшесі Геологоразведчиков көшесі Геологоразведчиков өткелі Геологопоисковая көшесі С. Жантөрин (Загородная) көшесі Б. Жоламанов (Дачная) көшесі Западно-Казахстанская көшесі Рабочая көшесі Бекет ата көшесі Қ. Сыдиықов көшесі С. Торайғыров көшесі (Ш. Жарылғасұлы көш.) Бала Ораз көшесі (№1 көше) Есет би көшесі (№2 көше) Н. Сүгірұлы көшесі (№3 көше) Ғ. Мұстафин көшесі (№4 көше, Қорқыт ата көш.) М. Бекмағамбетұлы көшесі (№5 көше) Сейтек күйші көшесі (№6 көше) Ә. Өмірзақова көшесі (№7 көше, Тұмар ханым көш.) №8-29 атаусыз көшелер №1 атаусыз өткел
Дереккөздер
Санат:Атырау қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері