Супермен () — DC Comics компаниясының комикс суперқаһарманы. Джерри Сигел (жазушы) және Джо Шустердің (суретші) туындысы. Бірінші рет Action Comics #1 (1938 жылының маусым айында) пайда болды. Комикстардан кейін радиобағдарламаларда, телебағдарламарда, фильмдерде, видео ойындарда пайда болды. Супермен америкалық комикс кейіпкерлерінің арасында бірінші орынға ие болды. Суперменнің келбеті ерекше: костюмі қызыл, көк және сары түсті, жадағайы және «S» әрпімен бірге жейдесінің ортасында үшбұрышты танымбелгісі бар. Осы танымбелгі кез келген жерде Суперменнің өзімен бірге ассоциацияланады.

Тарихы Суперменнің басты тарихында оның Криптон ғаламшарында өмірге келгені туралы айтады. Криптонда Суперменнің шын аты Кал Эл еді. Криптонның жарылысына бірнеше минут қалған кезде, оның ғалым әкесі Джор Эл Суперменді Супергерлмен бірге Жерге жіберді. Жерде Кал Элді Кент отбасысы баланы Кларк Кент деп атады әрі өздері өсірді. Осы тарих DC мултиәлемдерінің ішінде көптеген әлемдерде өзгеріссіз сақталады. Алайда Кал Элдың келу мен Суперменге айналу уақыты заманға сай өзгеріледі.

Жаулары Супермен бүкіл әлемге өзінің бар екенін көрсеткеннен кейін көптеген жылдар бойы жаңа жауыздарға тап болады. олардың ішінде Генерал Зод, Лекс Лютор, Бизарро, Ультрамен, Брейниак, және Думсдей бар. Осы тізім толық емес, себебі Супермен мыңдаған жауларға қарсы тұрды, алайда оларды мықты қарсылас деп айту қиын болады. Бір уақытта Суперменге Бэтмен қарсы тұрды.

Санат:DC Comics Санат:DC Comics кейіпкерлері Санат:DC Comics суперқаһармандары Санат:1938 жылы пайда болған комикс кейіпкерлері Санат:Комикс кейіпкерлері